Болат Назарбаев 19 миллион теңге айыппұл төлейді
"Ақтөбе өндірістік компаниясы" ЖШС банкроттық басқарушысы Болат Назарбаевқа қатысты арыз түсірген. Себебі компания жартылай экс-президенттің інісіне тиесілі болған кезде 6 көлік сатылып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот көлікті сатып алушылардың әрекетін дұрыс деп бағалағандықтан, екіжақты реституция шарасын таңдай алмаған. Сондықтан банкроттық басқарушы 19 451 000 теңге көлемінде шығынды қайтару туралы арыз түсірген. Нәтижесінде сот бұл арызды негізді деп таныды.
"Назарбаев Болат Әбішұлынан "Ақтөбе өндірістік компаниясы" ЖШС-ның пайдасына транспорт көлігін жоғалтуына байланысты 19 451 000 теңге көлемінде шығын қайтарылсын", – делінген Ақтөбе экономикалық сотының хабарламасында.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған