Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелде кадрлар даярлауға мемлекет 20 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсайды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" стипендиаттарын шетелде оқытуға мемлекет жұмсайтын қаржыға қатысты сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: “Болашақ” Халықаралық бағдарламалар орталығы

“30 жыл бұрын "Болашақ" бағдарламасын құрудағы басты мақсат елде жоқ кадрларды дайындау еді. Бағдарлама қазірдің өзінде бірнеше рет қайта құрылып, шарттары мен негіздерін өзгертті”, – деді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар министр нақты қанша қаражат жұмсалатынын айтты.


"Ол ақшаны өзі қайтаруға келісті": Ғылым министрі "Болашақ" төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді


"Бағдарлама шарықтау кезінде жылына 3 мыңға дейін стипендиат жіберсе, қазір 500-ге жуық адамды ғана шетелге жібереді. Сондай-ақ "500 ғылыми тағылымдама" жеке бағдарламасы бар. Онда да 400-500-дей адам бар. Яғни, қазір жылына 1 мыңға дейін адам білім алады. Шығын орташа есеппен 20 миллиард теңге, тіпті одан да аз. 2%-ы – шарттарды бұзып, шетелге кеткендер. Бұл шамамен 200-ден астам адам", – деп қорытындылады Саясат Нұрбек. 

Еске салайық, бұған дейін "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша оқып, артынша оқуын тастап кеткен стипендиаттың кепілгерлері Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева Тоқаевқа үндеу жолдаған еді. 

Стипендияны ұтып алып, артынша оқуын тастап кеткен және кепілде тұрған үйлерін заңсыз шешіп алған Валерия Гавриленко үшін енді кепілгерлері 30 млн теңге көлемінде ақша төлеуге мәжбүр. Бұл туралы кепілгерлер Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева айтып, шағымданды.

Талқылау