Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болашақ" бағдарламасына қатысты жанжал: Ұлыбританияға қоныс аударған студент Қазақстанға экстрадицияланады

"Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша оқып, артынша оқуын тастап кеткен стипендиаттың кепілгерлері Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева Тоқаевқа үндеуінен кейін Ұлыбританияға көшіп кеткен студент елге экстрадицияланатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Стипендияны ұтып алып, артынша оқуын тастап кеткен және кепілде тұрған үйлерін заңсыз шешіп алған Валерия Гавриленко үшін енді кепілгерлері 30 млн теңге көлемінде ақша төлеуге мәжбүр. Бұл туралы кепілгерлер Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева айтып, шағымданды.

"Қайырлы таң, құрметті әріптестер, қазақстандықтар. Мен Дәрібаева Мақпал және әріптесім Наталья Воробьёва ешқандай жауапкершіліктен қашпаймыз. Біздің басты талабымыз – кепілдіктен заңсыз шығарылған екі пәтер, қайтарылсын. Лауазымын асыра пайдаланып, жемқорлыққа жол берген шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылсын. Лондонда бюджеттің ақшасына тегін оқып, еліміздің өсіп өркендеуіне ешқандай үлес қоспай, шетелге қашып кеткен Гавриленко Валерия елге экстрадициялансын”, – дейді Мақпал Дәрібай.

Ақпаратқа сәйкес, 2016 жылы Воробьева мен Дәрібаева "Болашақ" бағдарламасын бітірген Валерия Гавриленкоға кепіл болған. Айтуларынша, Гавриленко 2019 жылы Орталық қызметкерлерімен сөз байласып, екі пәтерді кепілден заңсыз қайтарып алып, Ұлыбританияға көшіп кеткен.


"Болашақ" бағдарламасымен оқып келген Айгүл Иманбаеваны әуежайда аспен күтіп алды


"Болашақтың" бірінші басшысы жылжымайтын мүлікті кепілден шығаруға рұқсат беретін ресми құжатқа өзі қол қойған. 2021 жылы, яғни екі жылдан кейін ғана "Болашақ" өз құжатын заңсыз деп танып, Гавриленконы шәкіртақысынан айырады. Ал кейіннен оқуға кеткен шығынды өтеуді талап етеді. Бірақ Гавриленко көптен бері елде болмағандықтан және орталық одан қарызды өндіре алмағандықтан, 2024 жылы, яғни тағы үш жылдан кейін "Болашақ" оның 30 миллион теңгеге жуық қарызын бізге артып отыр”, – дейді кепілгерлер.

Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Әлия Оспанова стипендиаттардың 1 пайызға жуығы ғана оқуын аяқтамаған немесе міндеттерін орындамайтынын атап өтті.

"Бұл жағдайда бағдарлама стипендиаты саналы түрде заңсыз әрекет жасап, мемлекеттік стипендияны Ұлыбританияға көшу құралы ретінде пайдаланды. Орталықта мемлекет алдындағы міндеттерін орындамаған стипендиаттарды экстрадициялау тетігі әзірленуде. Ішкі істер министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, құқық қорғау органдарына хаттар жолданып, тиісті органдармен жұмыс жүргізілуде", – деді Әлия Оспанова.

Еске салсақ, бұған дейін сенат депутатының “Болашақ” бағдарламасын “елден кетудің құралына айналғанын” айтып, сынға алғаны туралы жазған едік.

Талқылау