Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

БҚО-да ақшадан тарығып амалы құрыған анасы қызынан алимент талап етті

БҚО-ның Бөрлі ауданында қызынан алимент талап еткен анаға қатысты азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Мой город.

Фото: ©  Виктор Толочко

«Сот барысында әйелдің қызын асырап-баққаны, оқу оқытып, көмектескені айтылды. Қазір қызы сүйіктісімен бірге тұрады. Анасына еш көмектеспейді. Пәтерақы төлеуге де қарайласпайды. Соған байланысты анасы қызынан 25 АЕК көлемінде алимент талап етуде», – делінді сотта.

Алайда қызы соттан анасының талабын кері қайтаруды сұрады.

«Кәмілетке толған жұмыс істей алатын азаматтар көмекке мұқтаж ата-анасына қарайлауы тиіс. Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда олардың ісі сотта қаралады. Алимент көлемі анасы мен баласының материалдық жағдайына қарай қарастырылады», – делінген БҚО сотында.

Бұл іске қатысты шағым жартылай қанағаттандырылды. Жәбірленуші тарапына 7 АЕК көлемінде АЕК тағайындалды. Ол 16 835 мың теңге көлемінде. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Неліктен біріне 300 мың, біріне 100 мың: Сапарбаев ардагерлерге берілетін сыйақының мөлшеріне ашуланды

Оралда мектеп мұғалімі концерт қойып жатқан кезде сахнада көз жұмды

Жан Ахмадиев жезөкшемен бетпе-бет кездесті (видео)

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр