"Бір жерге тегін жеткім келді": Павлодарда көліктегі әйелге шабуыл жасаған азамат құрықталды
Павлодарда полицейлер жүргізуші әйел шабуыл жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Болған жайтқа байланысты Ақсудың 32 жастағы тұрғыны күдікке ілінген.Ер азамат Павлодар қаласында ұсталған.
"Ұсталған азамат бірнеше рет ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Ол 37 жастағы әйелдің көлігін ұрламақшы және көліктегі ақшаны қалтасына басқаны үшін айыпталды. Қазір күдікті Павлодардың уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өзімнің діттеген жеріме ақысыз жету үшін әйелді қорқыттым дейді.
Бұған дейін Павлодарда белгісіз ер адам павлодарлық әйелге шабуыл жасап, көлігін ұрламақ болғаны жайлы айтылған еді.
Талқылау

"Курьер болып күніне 100 мың теңгедей ақша табуға болады": Үш жыл Америкада тұрып жатқан қазақстандықтар елге неге қайтқысы келмейтінін айтты
Ерлі-зайыптының екінші ұлдары АҚШ-та дүниеге келген

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жауап береді