Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір ғасыр жасаған әжей ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті

Қазақстан Ұлттық арнасының "Ниет" бағдарламасына жасы жүзден асқан әжей қатысып, ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әже

Кейуананың сөзінше, оның қартаймауының негізгі себебі тылсым қасиетінде екен. 

"Менің ұзақ жасауымның құпиясы қасиетіме байланысты. Жас кезімнен ширақ болдым, 30 жыл бойы мал бақтым мүмкін содан шығар. Тамақ талғайтын әдетім жоқ. Тек кейін ғана жасым ұлғайғаннан соң кейбір тағам түрлерін жемеуге тырысамын", - дейді кейуана. 

Насихат Сартқожа – 1921-жылы Моңғолия елінде, Баянөлгей деген қазақтар тұратын өлкеде Сартқожа шалдың отбасында дүниеге келген. 5 ұл бауыры бар, үйіндегі жалғыз қыз. Кенже бауыры - белгілі тюрколог ғалым Каржаубай Сартқожаұлы. Бетінен ешкім қақпай, еркін, бұла болып өсіпті. Кішкентайынан тілі өткір, бетің-жүзің демей айтып салатын қасиеті бар көрінеді.

Жас кезінде ауылда мал баққан, сиыр фермасында 13 жыл сауыншы болған, жолдасы кезінде КСРО-ға беретін малды айдап шекараға жеткізген дегендей, бірлестіктің мүшесі болып осындай шаруаларды атқарған.

Әке-шешесі қарапайым ауылда мал баққан адамдар болған. Бұл әжеміздің бойында бір қасиеті барын халқы біліп, ауырған, шетпе болған балаларын әкеліп және өздері келіп ұшықталатын болған. Қазірге дейін аяғы ауыр аналар мен балаларға дем салады екен.

Содан 82 жыл өмірін Моңғолияда өткізген әжей 2003-жылы тарихи отанына көшіп келіпті. Өзінің шаңырағы Жолымбет деген жерде Бакытмұрат деген ұлының қолында тұрады. Қазір Кояндыда қызы Лестің үйынде тұрып жатыр. Насихат Сартқожа - 7 баласынан 13 немере, 15 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. 2019-жылы Моңголиядағы қазақ әйелдерінің Арулар Одағының бастығы Айнагүл Сарайқызы арнайы келіп, әжеге 100 жасқа толуына байланысты "Ару жұлдыз" алтын медалін табыстап кеткен.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында мұқтаждарға азық-түлік үлестірмек болған кәсіпкердің басы дауға қалды

Ол өзінің рұқсат қағазы бар екенін атап өтті

Елде коронавирус жұқтырғандардың саны 650-ден асты

Тағы 22 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан айықты

Елімізде коронавирусты тіркеудің 629 жағдайы расталды

"Әкем көре алмады": Әли Оқапов өміріндегі үлкен өкінішін айтты

Ол анасының қартайып бара жатқанын көру қиынға соғатынын мойындады

Алматының 20 тұрғыны көшеде себепсіз жүргені үшін қамауға алынды

Тағы 23 адамға айыппұл салынды

Маска кимей "Магнумға" кірмекші болған: Компания өкілі сатып алушымен төбелескен күзетшінің қылығын түсіндірді

Ірі супермаркеттер желісінің күзеті маскасыз кіргені үшін қала тұрғынына тап берген

Ақмола облысындағы қарттар үйінде коронавирустың өршуі тіркелді

Ақмолада 19 адамнан вирус анықталды

"Кей әншілердің жұлдыздық каприздері бар": Әншілермен жұмыс істейтін режиссер Мейрамбек Бесбаев жайлы

Режиссер: Мейрамбек аға өзге әншілер секілді емес, бәрін тез қабылдайды

Бұл екпені салдырғандар коронавируспен күресе алады: Дәрігер БЦЖ екпесінің коронавирусқа әсерін айтты

Ғалымдар: БЦЖ екпесін тұрақты қолданатын елдерде коронавируспен ауыратындар аз

Алматыда 7 сәуірден бастап барлық өткізу қағаздары мен жол жүру анықтамалары жойылады

Карантин кезеңінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электрондық дерекқоры құрылды
Çàãðóçêà...