Бибісара Асаубаева "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алды
Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері" атағына ие болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Мені құттықтасаңыздар болады. Алдарыңызда шахматтан еліміздегі жалғыз Еңбек сіңірген спорт шебері", – деп жазды ол.
19 жастағы Асаубаева әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер атанған. Сондай-ақ 2021, 2022 жылдары блицтен әлем чемпионы атанды. Ал рапидтен 2021 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”

