Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейонсе мен Джей Зи егіздерді өздерінің құрметіне атады

Өткен аптада егіздердің ата-анасы атанған Бейонсе мен Джей Зи жаңа туған сәбилерін өздерінің құрметіне атапты.

690x459_0xd42ee42a_9969615731442242190

Бұл туралы шетелдік басылымдар жарыса жазуда.

Жұлдызды жұп көп ойланбастан қызды – Бея, ал ұл баланы – Шон деп (рэпердің шын есімі – Шон Картер) атапты.

Бір қызығы, Бейонсе мен Джей Зи әлі күнге дейін сәбилі болғандарын растамады. Ал бұл уақытта Бейонсенің әкесі Мэтью Ноулз өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырып, немерелі болғанын айтып қойды.

«Олар осында! Туған күндеріңмен, егіздер! Махаббатпен, сендердің аталарың», – деп жазды ол.

Безымянный - Copy 76

Айта кетейік, жаңа туған егіздерден бөлек жұлдызды жұптың Блю Айви есімді қызы бар. Ол 2012 жылы дүниеге келген.

Жіберіп алмаңыз:

Екі баланың анасы атанған Меденова иығын жалаңаштағаны үшін ұрыс естіді

Мақпал Исабекова өзін Ким Кардашьянмен салыстырғандарға жауап берді

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Дженнифер Лопестің ішін көрсетіп түскен суреті 1,5 миллион лайк жинады

Талқылау