Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BBC дайындаған Коби Брайанттың өліміне қатысты қате репортаж жұрт наразылығын туғызды

Белгілі британдық ВВС телеарнасы американдық баскетболшы Коби Брайанттың өліміне байланысты қате репортаж әзірлеген, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі. 

Коби Брайант

ВВС дайындаған арнайы репортаж баскетболшының жанкүйерлерлерінің наразылығын тудырған. Репортаждың дұрыс еместігін ең алғаш Мэтью Чемпион есімді журналист байқаған. 

Коби Брайанттың өмірі мен спорттағы жетістіктері айтылған репортажда басқа бір баскетболшы Леброн Джеймстің ойынын көрсеткен. Әлеуметтік желі пайдаланушылары британдық журналисттердің бұл әрекетін түсінбей, олар сөгіп тастады. 

"BBC мұндай қателік жібергеніне сене алар емеспін", - деп жазыпты Мэтью Чемпион.

"Коби Брайант және Леброн Джеймс бір-бірлеріне тіпті ұқсамайды ғой. Егер BBC қара нәсілді журналисттерді көбірек жалдағанда, мұндай бассыздық орын алмас еді", -  деген ашулы жазба қалдырыпты британдық саясаткер Дэвид Лэмми.

Көптеген желі қолданушылары британдық арнаны нәсілшілдік (расизм) танытты деп айыптады. 

Өз кезегінде BBC кешірім сұрап, айтылған репортажды өшіріп тастады. 

Бұған дейін әлемге танымал баскетболшы тікұшақ апатынан қаза болғаны жайлы айтылған еді. 

 

Талқылау