Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK активтерінің өсу қарқыны бойынша екінші деңгейлі банктер рейтингінде 7-орынға көтерілді

RBK (4)

2026 жылы мамыр айының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан банк секторының жиынтық активтері тарихи ең жоғары көрсеткішке жетіп, 73 триллион теңгеге жуықтады. Бұл туралы Ranking.kz сайты Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Өсімнің негізгі бөлігі мамыр айына тиесілі. Бір айдың ішінде Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің активтері 2,3%-ға немесе 1,6 триллион теңгеге артты. Бұл – күнтізбелік жылдың соңындағы дәстүрлі өсімді есептемегенде, кемінде соңғы бір жылдағы ең жоғары айлық көрсеткіш.

Активтердің өсуіне негізгі үлесті еліміздің ең ірі банктері қосты. Он ірі екінші деңгейлі банктің жиынтық активтері бір айда 2,4%-ға немесе 1,5 триллион теңгеге ұлғайды. Қазір олардың үлесіне Қазақстан банк секторының барлық активтерінің шамамен 89%-ы тиесілі.

Ірі қаржы институттарының ішінде мамыр айында ең жоғары өсім қарқынын Bank RBK көрсетті. Бір айдың ішінде банктің активтері бірден 10%-ға өсіп, бұл нарықтағы орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары болды. Абсолют мәнде өсім – 267,1 миллиард теңге. Осындай қарқынды өсімнің арқасында банк нарықтағы позициясын едәуір нығайтты. Небәрі бір айдың ішінде Bank RBK Қазақстандағы ең ірі екінші деңгейлі банктер рейтингінде бірден үш сатыға жоғарылап, активтер көлемі бойынша 7-орынға көтерілді. Мамыр айының соңында банктің активтері 2,9 триллион теңгеге жетті.

Мұндай нәтижеге банктің әртараптандырылған бизнес-моделі ықпал етті. Bank RBK корпоративтік клиенттермен де, бөлшек сауда сегментімен де белсенді жұмыс істейді, депозиттер бойынша бәсекеге қабілетті шарттар ұсынып, премиум деңгейдегі карталарды қоса алғанда, карточкалық өнімдер желісін жүйелі түрде дамытып келеді.

Активтердің өсу қарқыны бойынша мамыр айында екінші орынды ForteBank иеленді. Бір ай ішінде қаржы институтының активтері 5,1%-ға немесе 253 миллиард теңгеге артып, 5,2 триллион теңгеге жетті.

Үшінші орынға Отбасы банк жайғасты. Банктің активтері 4,1%-ға өсіп, 5,8 трлн теңгені құрады.

Айлық өсім бойынша үздік бестікке сондай-ақ Банк ЦентрКредит (өсім – 2,3%) және Halyk Bank (өсім – 2%) кірді.

RBK (2)

Қазақстанның банк секторы жүйелі әрі тұрақты өсім көрсетіп келеді. Онымен қатар банктердің капиталы нығайып, несиелеу көлемі артуып, қаржылық тұрақтылығы және халық пен бизнес тарапынан сенім күшейіп келеді. Бүгінде Қазақстанның екінші деңгейлі банктері өзгеріп отырған экономикалық жағдайларға сәтті бейімделіп қана қоймай, экономиканың дамуына серпін беретін негізгі күштердің біріне айналды. Олар халық пен кәсіпкерлікті қаржыландыру арқылы ел экономикасының өсуіне елеулі үлес қосып отыр. Қазіргі көрсеткіштер банк саласының кемелденгенін, жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін және сектордың алдағы уақытта да тұрақты өсуге әлеуеті жоғары екенін дәлелдейді. Соңғы бес жылда қазақстандық банктердің жиынтық активтері екі еседен астам өсті.

Соңғы жылдардағы көрсеткіштер ерекше назар аудартты. 2022-2026 жылдар аралығында банк секторы активтерінің орташа жылдық өсу қарқыны 16,6%-ды құрады. Бұл алдыңғы бесжылдықтағы көрсеткіштен екі еседен астам жоғары. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2017–2021 жылдары банктердің активтері жылына орта есеппен небәрі 7,7%-ға ғана өсіп отырған.

RBK (3)

ҚНРДА берген 05.04.2021ж № 1.2.100/245/41 лицензия

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 08 Шілде, 2026 09:53