Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларын өзге біреуден тапты деп ойлайды": Күйеуі өртеп жіберген әйелдің анасы мән-жайды айтты

Нұр-Сұлтан қаласында күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген әйелдің анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Зардап шегушінің анасының сөзінше, ерлі-зайыптының арасында түсініспеушіліктер жиі болып тұрған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәмегүл Қашағанованың айтуынша, қайғылы жағдайдан екі күн бұрын күйеубаласы қоңырау шалып, ажырасатынын айтқан. Ол неліктен мұндай қадамға бармақ екенін айтпаған. Тек «адам құсап ажырасуға» ниетті екенін жеткізіпті. 

Ерлі-зайыптының алты баласы бар. Олардың үлкені 16 жаста. 

«Күйеубалам өзін кінәлімін деп сезінбейді. Тіпті тергеу изоляторында бостандыққа шыққаннан кейін қызымды өлтіретінін айтты. Ол қызымды жүріс жүрді деп айыптайды. Пікірінше, үлкен үш баласын өзінен, ал қалған үш баланы өзге біреуден тапқан. Менің қызым – адам әйел әрі жар. Бәрін сот шешсін», - дейді Дәмегүл Қашағанова. 

Еске сала кетсек, елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген еді. Салдарынан әйелдің денесінің 75 пайызын күйік шалған. Зардап шеккен әйел жағдайының ауырлығына байланысты әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. 

Талқылау