Әйел дәрігерлердің қателігінен басқа біреудің баласын дүниеге әкелді
Австралияда әйелге қателесіп, басқа біреудің эмбрионын салған. Салдарынан әйел білмей басқа біреудің баласын босанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News жазады.

Қателіктің кесіріне әйел өзінің биологиялық ұрпағы емес баланы дүниеге әкелген.
Мұны жаңа туған нәрестенің ата-анасы қалған қатырып қойылған эмбриондарды басқа қоймаға апару үшін Monash IVF репродуктивті клиникасына барған кезде білген. Процесс кезінде дәрігерлер құрылғыда артық эмбрион бар екенін түсінген.
Қызметтік тергеу нәтижесінде пациенттің медициналық қателік салдарынан басқа біреудің эмбрионын көтергенін растады. Monash IVF клиникасы әйелден кешірім сұрады.
Monash IVF бас директоры Майкл Кнап бұл оқиғадан зардап шеккен екі отбасына да қолдау көрсететінін айтты.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”