Әйел 9 мың долларды жігітіне бермес үшін ақшаны түгел жеп қойған
Колумбиялық қыз 9 мың долларды бұрынғы жігітімен бөліспес үшін ақшаны түгел жеп қойған.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.
Прокуратура мәліметінше, 28 жастағы әйел жігітімен ажырасып, Панамаға көшуге дайындалып жатқан. Бірге тұрған кезде жинаған ақшасын жігітпен бөліспес үшін ол 9 мың долларды жеп қояды. Нәтижесінде әйел ауруханадан бір-ақ шыққан.
Дәрігерлер әйелдің ішінен купюраларды алып шығыпты. Оның тек 5,7 мың доллары “аман-сау” сақталса, қалғандары асқазанда бұзылыпты. Ақша заңды жолмен табылғандықтан билік оған қатысты еш ескерту білдірмеген.
Оқи отырыңыз:
Астанада құрылысшылар 6 жасар қызды зорлағалы тұрған педофилді ұстады (видео)
Атырау облысында жүкті әйел көлікте кетіп бара жатып босанып қалды (видео)
Жолаушылар ұшақ бортында төбелесіп кетті (видео)
Қытайда 12-қабат ғимаратты бір сәтте қиратып көшедегі адамдардың зәресін ұшырды (видео)