ATP 250 Қытай: финалда Бубликке ықтимал қарсылас анықталды

Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылған ATP 250 турнирінде финалдың алғашқы қатысушысы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлемнің 8-ракеткасы француз Валентен Руае жартылай финалда өз отандасы Корентен Мутені 6:3, 6:2 есебімен ұтып, шешуші кезеңге жолдама алды.
Матч 1 сағат 27 минутқа созылды. Руае екі эйс орындап, бір қос қате жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды. Мутенің еншісінде төрт эйс, үш қос қате болды, бірақ ол екі мүмкіндіктің бірде-бірін жүзеге асыра алмады.
Финалда Руаенің қарсыласы Александр Бублик (Қазақстан) пен қытайлық Ву Ибин арасындағы кездесудің жеңімпазынан анықталмақ.
Ханчжоудағы дода 17–23 қыркүйек аралығында өтуде. Турнирдің қазіргі чемпионы – хорват Марин Чилич.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"

