Астаналық кәсіпкер заңсыз цех ашып, тартылған етке тұяқ қосқан
Елордалық полицейлер "Мал ұрлығы" жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз ет өңдейтін зауытты анықтады. Зауыт антисанитарлық жағдайда жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Астанада тәртіп сақшылары 47 жастағы тұрғынның ет сату саласында заңсыз әрекеттер ұйымдастырғанын анықтады. Ол дайын өнім көлемін арттыру мақсатында шамамен бір тонна ірі қара малдың аяқтарын өңдеп, оларды тартылған етке қосқан.
“Полицейлер цех ғимаратына кіріп, 1300 ірі қара малдың аяғын, бас сүйегі бар тұтас малдың сойылған денесі, шамамен 100 келі ет пен ет қалдықтарын тауып, тәркіледі”, – делінген хабарламада.
Тәркіленген өнімдердің үлгілері сараптамаға жіберілді.
Жасырын өндірісті ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары ветеринарлық тексеруден өтпеген ет өнімдерінің тек қылмыстық тегі ғана емес, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды