"Анам – физик-математик": Айдана Меденова марқұм ата-анасы туралы айтты
Экс-әнші Айдана Меденова әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, өзінің балалық шағы туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/aidanamedenova_officialpage
Оқырманның “Балалық шағыңыз, ата-анаңыз туралы айтып беріңізші. Сіз сондай сұлусыз” деген сұрақ қойды.
“Менің отбасым Семей қаласынан. Мен шығармашылыққа жақын ұстаздар отбасында өстім. Әкем – суретші, анам – физик-математик. Негізі бәрі музыкант. Менің балалық шағым – мүлдем бөлек әңгіме. Ата-анам менің бос отырып қалуыма мүмкіндік бермейтін. Ол үшін әке-шешеме алғыс айтамын. Олардың қазір жанымда болмағын өкінішті. Бірақ осындай адамдардың менің өмірімде болғанына, маған өмір сыйлап, махаббатқа бөлеп, тәрбие бергеніне Аллаға шүкір айтамын”, – деп сауалға жауап берді Айдана Меденова.
Экс-әнші көпшілікті жақсы адам болуға, игі амалдар жасауға шақырды.
“Ешкім мәңгілік емес. Ата-анамыз көзі тірісінде намаз оқымаса, балалары олар үшін дұға тілей алады. Біз олардың жағдайын жеңілдете аламыз. Адамның ең жақсысы –саналы ұрпақ қалдырғаны. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеген адам мына өмірде де, ана дүниеде де жақсылыққа кенелмек”, – дейді экс-әнші.
Бұған дейін Айдана Меденова киноға түсуге ұсыныс түскенін айтқан болатын. Алайда ол хиджабтағы келіншектің рөлін сомдаудан да бас тартқан.