AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әміре "Голос" жобасынан кейін Ресейде қалғысы келмегенін мәлімдеді

Ресейдің "Голос" жобасында сәтті өнер көрсеткеннен кейін, Ернар Садырбаев көрші елде қалғысы келмегенін мәлімдеді. Айтуынша, өзі о баста Мәскеуге кетуді жоспарламаған. Сондай-ақ, әнші қазіргі соғыс жағдайында ұсыныс түссе, Кремльге барар ма еді деген сауалға жауап берді. Әміре Тимур Балымбетовке сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әміре Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты жеке пікірін білдірді. Ол мұндай жағдайда ең жаманы "үндемей қалу" екенін атап өтті. 

"Орыс, қазақ, украин, неміс болсын, соғысты жеке адамдар қаламаймыз. Ол соғысты қалап отырған үлкен әлемдік көзқарас, белгілі бір кісілер. Кім өз баласын соғысқа жібергісі келеді?

Елдің мүддесі тұрса, барлығымыз дайынбыз. Қазақтың әр әншісі өз елінің басына күн туса, ел тәуелсіздігін қорғауға дайын. Мен өз басым дайынмын. Әріптес-ағаларым, замандастарымның әрқайсысы шығуға дайын. Ол бір популизм, идеология емес. 

Халық қаламайды соғысты. Үлкен кісілердің ойыны. Бомба атылып жатыр, нәрестелер перзентханада туылып жатыр. Сұмдық қой, адамның жүрегі ауырады. Өз елімізде де болды қаңтарда. Ерекше серпіліспен альбом жазып бастап жатыр едім. Іштегі отымызды су сепкендей өшіріп тастады", - дейді Әміре.

Әміре "Голос" шоуынан кейін Мәскеуде қалуға мүмкіндігі болғанын жасырмайды. Алайда жат жерде жұмыс істеуді жүрегі қаламаған. Ал дәл қазір шақырту алса, қандай жауап берер еді?

"Шақырса, ойланатын едім. Оларға бірден "жоқ" деп айтпайтын едім.



Ресейде қалғым келмеді. Қалғым келсе, қалып қояр едім. Бүкіл болған жағдайлардың алдында мүмкіншілігім болды. Біріншіден, ол менің қалам емес. Мен онда жұмыс істей алмайтынымды түсіндім. Әрине, Мәскеуде қалсаң, көп мүмкіншіліктер ашылатын еді. Бірақ осы жерде отырып та жасауға болады. Менің көздеп отырғаным ТМД емес. Бұл басынан солай болды. Кетсем, басқа елде жұмыс істегім келеді. Мүмкін Азияда, Еуропада", - дейді әнші

Сөз соңында Әміре "адамның өлімін ештеңе ақтамайтынын" жеткізді.

Айта кетейік, әнші осы сұхбатында Леонид Агутиннен не үшін ұрыс естігенін айтқан еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр