Алматыда жарнама көріп табыс табатын пирамида әшкереленді

Видеодан скриншот
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Boxy Wealth" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу барысында күдіктінің бір жыл бойы Алматыда қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды.
“Жоба "www.boxywealth.com" интернет ресурсы және мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Соның ішінде "Күнделікті табыс" чатында бастапқыда халық тұтынатын тауарлар туралы ақпарат таратылып, кейін азаматтарды инвестициялық платформаға тарту жүзеге асырылған. Қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттердің бірін сатып алып, күн сайын жарнамалық материалдарды қарау ұсынылған. Бұл ретте тәулігіне 5%-дан 10%-ға дейін табыс уәде етілген”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық жүйе жұмыс істеген.
Қаражаттарды қабылдау жеке тұлғалардың банк шоттары арқылы жүргізіліп, кейін P2P операциялар арқылы криптовалютаға аударылған. Тіпті кеңсе ашылған, жарнамалық жұмыстар жүргізілген, "табыс" көрсеткіштері көрсетіліп, салымшыларға кеңес беру ұйымдастырылған.
Нәтижесінде 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 миллион теңгеден астам қаражат салған.
Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның Алматы қаласындағы жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Қазақстандық жұп үш баладан кейін вазэктомия жасауға бел буды
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған
Оқыңыз