Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық тұрғын дүкендердің бірінің маңында түнімен шу болатынын айтып шағымданды (видео)

Алматылық тұрғын түнгі уақытта көшедегі шу маза бермейтінін айтып, шағымданды. Ол шулайтын адамдарға және дүкен иелеріне шара қолдануды сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Алматылық әйел Менделеев көшесі 13 мекенжайындағы тәулік бойы жұмыс істейтін дүкеннің маңы үнемі шуға толы екенін айтады. Сөзінше, дүкеннің маңына түнде адамдар жиналып, музыка қосады.

“Жан-жаққа қарасаңыздар, дүкеннің жанында көпқабатты тұрғын үйлер бар. Мұнда балалар мен қарттар тұрады. Біз жұмыс істегендіктен, түнде ұйықтағымыз келеді. Бірақ дүкенге түнгі 00-00, 1, 2, 3, 4-те келетіндер бар дауыспен музыка қосып, айқайлап ән айтуға, шулауға, боқтық сөздер айтуға болады деп ойлайды. Біріншіден, тыныштық туралы заңды бұзасыз. Екіншіден, адами түсініктен жұрдай екеніңізді көрсетесіз! Отшашулар, магнитофондар, түрлі айқай-шуды күнде естиміз!”, – деді әйел.

Тұрғын 6 мамырда түнде түсірілген видеоны көрсетті. Онда ән қосылып, адамдардың шулап жатқанын, көлік жүргенін көруге болады. 

Алматы облыстық полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

“Ақпарат Талғар аудандық полициясына тіркелді. Тәртіп сақшылары құқықбұзушыларды анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Оларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады”, – деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында досының тойында аспанға автоматпен оқ атқан жігіт ұсталған еді. 

Талқылау