Алматыдағы ойын алаңында көз жұмған баланың видеосы тарады
Қазақстандықтар желіде Алматыдағы ойын алаңында көз жұмған баланың видеосын таратуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрларда бірнеше жедел жәрдем бригадасының баланы ойын алаңынан қалай алып бара жатқаны көрсетілген. Оқырманның айтуынша, оқиға Алматыда болған. Екі ағайынды балалар бір-бірін таяқпен соғып, нәтижесінде бір бала көз жұмған.
Шындығында бұл кадрлардың Алматыға ешқандай қатысы жоқ екені белгілі болды. Қайғылы оқиға 30 қарашада Мәскеуде болды. Екі бала шынымен ойын алаңында жүрген. Кенеттен олардың бірі құлап, сол жерде қайтыс болды.
Кадрлардан баланың теңселіп, басын ұстап құлап түскені көрінеді. Кейінірек дәрігерлер баланың ми қан тамырлары ауруы салдарынан қайтыс болғанын хабарлады.
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді