Алматыдағы барахолка маңында ірі өрт шықты
Алматыдағы Барахолкада ірі өрт шықты. Өрт туралы ақпарат 07:16-да келіп түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт қоймада тұтанған.
"Москвина көшесінде қойма өртенді. Оқиға орында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің күші техникалары жұмылдырылды. Жедел штаб өрт сөндіру үшін бірнеше учаске құрылды", – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше конструкциялық ерекшеліктеріне қарай ғимаратта температура жоғарлап, конструкцияның құлау қауіпі туындаған.
"Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалған, жоғары температура пайда болдып, құрылымдардың құлау қаупі бар . Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекен жайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді:", – деп қосты ведомство өкілдері.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды