Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектеп басшылығы 4-сынып оқушыларынан құжаттарын алып, басқа мектепке ауысуын талап еткен

Алматы мектептерінің бірінде мектеп басшылығы 4-сынып оқушыларының ата-аналарына құжаттарын алып, балаларын басқа оқу орындарына ауыстыруды сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынған

Ата-аналар бұл шешіммен келіспейді, сондай-ақ басқа мектептер де балаларды қабылдаудан бас тартқан. 

Алматыдағы №54 мектептің ата-аналарының айтуынша, мектеп басшылығы 4-сынып оқушыларының тең жартысын басқа мектептерге ауысуға мәжбүрлеп жатқан көрінеді. Себеп – аталмыш оқушылардың “Дарын” емтиханын тапсыра алмауы. 

“Тестілеу нәтижесі бойынша балаңыз қажетті балды жинай алмаса, құжаттарыңызды алып, балаңызды басқа мектепке ауыстыруыңыз қажет. Емтиханнан соң қосымшадан нәтижелерді көргенде балалар жылап жіберді”, – дейді 4-сынып оқушысының анасы Юлия Ма-Ва-Ухан. 


Экс-министр Мұхамедиұлына тиесілі құны 1,2 миллиард теңгеге бағаланған мектеп мемлекетке қайтарылды


Ата-аналардың айтуынша, мектеп басшылығы балаларды ауыстыруға болатын мектептердің тізімін берген. Алайда ол мектептердің барлығы балалар тұратын ауданнан алыс. Сондай-ақ аталмыш мектептер де балаларды қабылдаудан бас тартқан. 

Мектеп директорының айтуынша, мамандандырылған мектептерде 5-сыныпқа қабылдау конкурс бойынша жүргізіледі, тәртіп солай. Балалардың тізімі “Дарын” республикалық ғылыми орталығы өткізетін тестілеу нәтижесі бойынша жинақталады. Мектеп директоры бұл талап туралы ата-аналарға балаларын мектепке алғаш алып келген кезде-ақ ескертіліп, келісімі алынатынын атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 136 мектеп Ресей және Қытай шекарасына жақын болғандықтан Starlink желісіне қосыла алмайтыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жұма, 19 Шілде, 2024 20:44
Талқылау