Алматыда ер адам 28 жастағы әйелді еш себепсіз ұрып тастаған
Алматыда белгісіз ер адам 28 жастағы әйелге шабуыл жасап, ұрып тастаған. Оқиға 16 тамызда Медеу ауданында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: Almaty_Kris_P Instagram-парақшасынан
Соққы салдарынан әйелдің қабағы жарылып кеткен.
"Басынан ұра бастады, қабағы жарылып кеткен. Сосын әрі қарай жүгіріп кетті. Полицияға бірден шағым түсірдік, бірақ бейнебақылау камераларын тексерген жоқ. Оның түрін есімде сақтап қалдым. Оқиға орнына полициядан ешкім келген жоқ, куәгерлерден жауап алмады", – деді зардап шеккен әйел.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері аталған деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді. Қазір "Бұзақылық" бабымен тергеу жүріп жатыр, ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”