Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының бұрынғы әкімінің жүргізушісі қызметтік пәтерін мемлекетке қайтарып берді

Жетісу облысында бұрынғы облыс әкімі Амандық Баталовтың жүргізушісі пәтерін қалалық тұрғын үй қорына қайтарып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов

Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов

Бірнеше ай бұрын Талдықорған әкімі Әсет Масабаев бұрын берілген пәтерлерді түгендеу бойынша мониторинг тобын құруды тапсырды. Тексеру барысында 1 066 пәтердің заң бұзушылықтармен берілгені белгілі болды. Оның ішінде әкімдік 37 пәтерді қайтарып берді.

Пәтер иелерінің арасында бұрынғы және қазіргі мемлекеттік қызметкерлер бар екен. Осындай пәтердің бірі Алматы облысының экс-әкімінің жүргізушісінде болған екен.



"Жүргізуші Николай қаланың 8-шағын ауданынан алған қызметтік бір бөлмелі пәтерді тұрғын үй коммуналдық қорына қайтарды. Пәтер қызметтік қажеттілік ретінде тіркелді. Оның кілті қызметкерлерге өз еркімен берілді", – деді Талдықорған әкімдігінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Комиссия шешімімен тұрғын үй қорына қайтарылған 11 пәтер кезекке сәйкес көп балалы отбасылар мен мүгедектерге таратылды.

Талқылау