"Мектеп директоры жағдайды жасырып қалған": Алматы облысында өз-өзіне қол жұмсаған 14 жастағы қыздың өлімі тергеліп жатыр
Алматы облысында 14 жастағы қыздың өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Трагедия туралы Өтеген Батыр ауылының тұрғындары хабарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
"Немолчи" қорының ақпаратына сәйкес, қыз бала 14 жаста болған, ал мектеп ұжымына бұл ақпаратты таратуға тыйым салынған.
"Егер бұл рас болса, онда мектеп директорын бірден жұмыстан босатуды және қылмысты жасыру фактісі бойынша тексеріс жүргізуді талап етеміз. Неліктен заңдар жұмыс істемейді? Себебі әлі күнге дейін мектеп қабырғаларында барлық қылмыс, буллинг, зорлық-зомбылық, бопсалау жасырылып келеді. Сол арқылы мектептер балалардың қылмыстық топтарын құру және балалар қылмысын жасыру орталығына айналып жатыр! Неліктен қыз бала суицид жасады және неге бұл оқиға жасырылып қалды? Себептерді анықтап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау маңызды", – делінген "Не молчи" қорының жазбасында.
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"Бұл факт бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
- Алматыда 12 жастағы қыз он үшінші қабаттан құлап, көз жұмды
Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі оқушы қыз тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды. Кейін оқушы қыздардың жақындары оларды бұған не итермелегенін айтқан еді. Сонымен қатар олар мектептерде телефонға тыйым салуды ұсынды. Осы қайғылы оқиғадан кейін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қыздардың өлімі сөзсіз суицид екенін мәлімдеді. Кейін желіде бұл жағдайға "қауіпті" онлайн ойындар мен ерекше әдебиеттердің қатысы бар деген болжамдар пайда болды. Алайда, бұған әлі ресми дәлелдер жоқ.