Алдағы уақытта электросамокаттар көліктерге теңестіріледі - Алматы полициясы
Алматы полиция департаменті жақында электросамокаттар автомобильдерге теңестірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, жаңа норма стандарттары әзірленген. Ол бекітілгеннен кейін жол жүру ережесіне өзгерістер енгізіледі. Алдағы уақытта электросамокаттарға қатысты заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.
"Заңнамалық деңгейде электросамокаттардың көлік құралы ретіндегі мәртебесін анықтау қажеттілігі туындады. Тиісінше, электросамокат тебетіндер жол қозғалысына қатысушылар ретінде анықталып, құқықтар да, міндеттер де қарастырылады. Қазір стандарт әзірленді, болашақта жол ережесіне өзгерістер енгізіледі. Олар енгізілген бойда бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де әсер етеді", – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”