Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ақтөбеде полицейлерге пышақ ала жүгіріп, жұртты дүрліктірген ер адам жындыханаға жіберілді
Ақтөбеде көшеде полицейлерге пышақ ала жүгіріп,жұртты дүрліктірген 45 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ендігі ол психдиспансерге жіберіліп, мәжбүрлі түрде ем алуы қажет, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Еске сала кетсек, осыдан 4 ай бұрын Сағат Ағадиев есімді ер адам есірткі шегіп алып, қымбат көлікті тізгіндеп, көліктерге соғылаған еді. Артынша оған тосқауыл болмақ болған полицейлерге пышақ ала жүгірген.
Белгілі болғандай ер адам бұған дейін де сотты болып, түрмеде жазасын өтеп шыққан екен. Дәрігерлер оның бұрын басынан жарақат алып, салдарынан ақыл-есіне әсер еткенін растады. Сондай-ақ оның нашақорлығы да бар.
Ағадиевтің өзі сот процесіне келген жоқ. Оның орнына әкесі келіп, ұлына кесілген үкімді тыңдады.
«Қылмысты есі дұрыс емес күйде жасаған. Ағадиев Сағат қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Ағадиевті жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда ұстау шарасы қолданылсын», – дейді сот төрағасы Ербол Әбдіхалықов.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған