Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында дәрігерлер соқырішегіне ота жасаған оқушы көз жұмды

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында оқушыны соқырішегін алдыру үшін ауруханаға жеткізген. Алайда отадан соң бала мерт болды, деп жазады Мой город“.

Облыстық денсаулық сақтау бсқармасының баспасөз қызметі болжам бойынша оқушының анафилактикалық шок әсерінен мерт болғанын мәлімдеді.

Оқиғадан соң дәрігер-анестезиологті наркоз салу жұмысынан уақытша босатты. Бөлім меңгерушісі мен жансақтау бөлімі меңгерушісі ерікті түрде жұмыстан кететінін айтып, өтініш жазды.

Қазіргі уақытта медициналық мекемеде тексеру жүріп жатыр.

Баланың анасы мұндай жағдайдың қалай болғанын білмейді. Оқушыны уақытылы ауруханаға жеткізгенін айтады. Дәрігерлер отаның сәтті өткенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау