Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Ефремов өлімге алып келген жол апатынан кейін мәлімдеме жасады

Мәскеудің орталығында апатқа ұшыраған актер Михаил Ефремов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Адам өліміне алып келген жол апатынан кейін актер өзінің кінәсін мойындап, үндеу жариялады. Қаза тапқан адамның отбасынан кешірім сұрағанымен олар кешірмейтінін білемін дейді актер.

"Дүйсенбіден бері төрт күн өтті. Мен не айтарымды білмедім, қазір де білмеймін. Сергей Захаровтың отбасынан қалай және қандай сөздермен кешірім сұрау керектігін білмеймін. Сұраған күннің өзінде, олардың кешірмейтінін білемін. Егер көмегімді қабылдаса отбасына көмектескім келеді", - дейді ол.

Өзінің отбасы мен жақындарының алдындағы жауапкершілігін тілге тиек еткен ол шарасыз күйде екенін жеткізген.

"Маған кешірім жоқ. Маған отбасым, балаларым, әйелім сенетін. Мас күйде көлікпен жүру кешірілмеуі керек. Өйткені, кінәсіз адам көз жұмды. Мен бұдан былай қалай өмір сүретінімді түсінбеймін. Бұл фильм емес, ештеңені кері қайтара алмайсыз. Соңы, енді Ефремов жоқ. Мен бәріне опасыздық жасадым. Кешіріңіз. Басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Михаил Ефремов.

Еске салсақ, 8 маусымда Мәскеу орталығында актер Михаил Ефремовтің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға барысында кезде актер мас күйінде болған. Апат салдарынан зардап шеккен жүргізуші ауруханада қайтыс болды.

Талқылау