Ақтауда теңізге батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі 6 метр тереңдіктен табылды
Ақтауда суға батып кеткен жігіттің денесін бүгін, 8 маусым күні сүңгуірлер алты метр тереңдіктен тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Дереккөз Lada.kz
Таңертеңгі сағат 07:33 шамасында құтқарушылар суға батып кеткен 2004 жылы туған жігіттің денесін тапты.
Құтқарушылар жігітті 15-ші шағын ауданына жақын жағалаудан теңіздің алты метр тереңдігінен тапқанын айтты.
- Ақтөбе облысында үш бүлдіршін өзенге батып кетті
- Қызылорда облысында суға батып кеткен ер адамның денесі 4 жылдан кейін табылды
Еске салайық, кеше, 7 маусым күні Ақтауда 15-шағын ауданға қарама-қарсы аумақта Бейнеу ауданының тумасы, 2004 жылы туған жігіт суға батып кеткен еді.
Жас жігіт – Маңғыстау өнер колледжінің 1-курс студенті. 3 Б шағын ауданындағы жатақханада тұрған.
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді