Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana ұшағы Португалияда шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды

Қазақстандық Air Astana әуе тасымалдаушысының ұшағы Португалияда мәжбүрлі түрде жерге қонды. Оған ұшу кезінде әуе кемесіндегі ақаулардың анықталуы себеп болған, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Air Astana ұшағы Португалияда жерге қонуға мәжбүр болды

Оқиға 11 қарашада орын алды. Португалияда техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатқан Эмбраер 190 әуе кемесінде ұшу кезінде техникалық ақау сигналы іске қосылды.

Әуе кемесінің экипажы Португалияның Бейджа қаласындағы қосымша аэродромға қонуға мәжбүр болды.

Ұшақтың жерге қонуы сәтті өтті. Бортта тек экипаж мүшелері болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау