Айдос Мұхамеджанов Bank RBK басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды

"Bank RBK" АҚ Директорлар кеңесі 11 маусым күні Айдос Мұхамеджановты 12 маусымнан бастап Басқарма төрағасының орынбасары – банк басқарма мүшесі лауазымына сайлау туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін Айдос Мұхамеджановты басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі қызметіне тағайындауға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі келісім берген еді.
Айдос Мұхамеджанов осы тағайындауға дейін банктің басқарушы директоры қызметін атқарған.
Жаңа қызметінде Айдос Мұхамеджанов банктің IT-блогының, шағын және орта бизнес пен бөлшек сауда секторындағы стратегиялық және кредиттік тәуекелдер бөлімшелерінің, сондай-ақ кредиттік әкімшілердің қызметіне жетекшілік етеді.
Банк басшылығы Айдос Мұхамеджановтың көшбасшылық қасиеттері мен мол кәсіби тәжірибесі оған жетекшілік ететін құрылымдардың тиімділігін арттыруға және банктің даму стратегиясын жүзеге асыруға елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Банк басқармасының төрайымы Наталья Акентьева тағайындауға қатысты пікір білдірді.
"Айдос Мұхамеджановтың Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалуы Bank RBK командасы мүшесінің кәсіби өсу жолындағы заңды қадам. Оның жоғары кәсіби біліктілігі мен сараптамалық тәжірибесі ауқымды міндеттерді шешу үшін жауапкершіліктің жаңа деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік берді. Біз оған еліміздің қаржы нарығындағы банк позициясын нығайтуға бағытталған қызметінде табыс тілейміз", – деді басқарма төрайымы Наталья Акентьева .
Айдос Мұхамеджанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдап, "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Кейін Еуразиялық нарық институтында "Қаржы және несие" мамандығы бойынша білімін жалғастырып, University of Strathclyde оқу орнында MBA дәрежесін иеленген.
Оның Қазақстанның түрлі қаржы институттарында жинақтаған кәсіби тәжірибесі 20 жылдан асады.
Бүгінде Bank RBK Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Семей, Екібастұз, Ақсай және Орал қалаларында қызмет көрсетеді.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Bank RBK" АҚ коммерциялық банктер арасында несие портфелі көлемі бойынша 6-орында, активтері бойынша 9-орында және капиталы бойынша 10-орында болды.
2026 жылғы 1 маусымдағы мәліметке сәйкес, банктің активтері 2 948 миллиард теңге, несие портфелі 1 635 миллиард теңге болды. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айындағы банктің таза пайдасы 22,8 миллиард теңгеге жетті.
Банк қызметі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2021 жылғы 5 сәуірдегі №1.2.100/245/41 лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады