Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын премьер-лигасының чемпионы әуесқой ойыншымен келісім-шартқа отырды

Ағылшын премьер-лигасының чемпионы “Лестер” футбол клубы футболшы Джоша Гордонды қатарларына қосты.

picture

Бұл туралы Sky Sports хабарлайды.

Келісім-шарт 1 жарым жылға есептелген. Трансфер сомасы мен келісім-шарт туралы толық мәлімет жарияланбаған. 22 жастағы футболшы Англиядағы жетінші дивизионда ойнайтын “Стаффорд Рейнджерс” командасынан келген.

Биылғы маусымда 11 гол соққан Гордон “Лестер” скауттарының назарын аударыпты. Футболшыны қаралымнан өткізгеннен кейін “Лестер” бірден оған келісім-шарт қағазын ұсынған. “Стаффорд Рейнджерс” командасы болса 42 кездесуден кейін 59 ұпай жинап 14-ші орында келе жатыр.

Англияның қазіргі чемпиондары “Лестер” биылғы маусымда 31 матч өткізіп, 36 ұпай жинап, әзірге турнир кестесінің 11-ші орынын қанағат тұтуда. Сондай-ақ, “түлкілер” 12 сәуір күні Чемпиондар Лигасының қонақта 1/4 кезеңінде “Атлетикоға” қарсы ойнайды.

Оқи отырыңыз:

Геннадий Головкин 35 жасқа толған туған күнін Лос-Анджелесте атап өтуде (фото)

Шәріпова ресейлік қарсыласын рингке шықпай жатып нокаутқа жіберді

Сондерс Головкинге соңғы мүмкіндік беретінін айтты

Футбол клубы намазға байланысты жұма күніне матч қоймауды талап етті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр