Әдемі сурет үшін бастарын қатерге тіккен: Нұр-Сұлтанда үш жігіт биік көпірдің үстіне шықты (видео)
Нұр-Сұлтан қаласында үш жас жігіт әдемі суреттер түсіру үшін Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпір аркасына шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қалалық полияция департаменті мәлімдеді.
Тәртіп сақшыларына "102" нөмірі арқылы үш жігіттің биік көпірге шығып бара жатқанын көрген куәгер хабарласқан. Оқиға орнына дереу автопатруль келген.
"Полиция қызметкерлері тәртіп бұзған үш азаматты ұстап, бөлімшеге жеткізді. Олардың жеке бастары анықталды. Барлығы 18 бен 19 жас аралығындағы жастар болып шықты. Бұндай әрекетке өздерінің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының панорамасы бар әдемі сурет үшін барған. Құқық бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек жастармен қоғамдық тәртіпті сақтау және болашақта құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деді полиция.
- Алматыда жанармай бекетінде төбелескен жастар желіні шулатты
- Қызылордада жасөспірімдер жаппай төбелесті (видео)
- "Барлығын аяғынан тік тұрғызам": Түркістан мейрамханаларының бірінде шу шығарған экс-депутат видеоға түсіп қалған
Полиция қала тұрғындарының қырағылығының арқасында жастардың әрекеті қайғылы оқиғамен аяқталмағанын атап өтті. Сонымен қатар әдемі сурет үшін басты қатерге тігудің қажеті жоқ екендігін баса айтты.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
