Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жанармай бекетінде төбелескен жастар желіні шулатты

Желі қолданушысы Алматыдағы жанармай бекеттерінде болған жаппай төбелесті бейнежазбаға жазып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тобелес заправка

Тәртіпсіздік болған жанармай құю бекеті Райымбек батыр көшесінен төмендегі Сейфуллин даңғылында орналасқан. Бірнеше жігіттердің қатысуымен болған қақтығыста ешқандай қару-жарақтың қолданылмағанын көруге болады. Жанжал арасында ер жігіттерді ажыратқысы келген қыз бала да жүр. Кейінірек ол тағы бірнеше жігіттермен бірге жалға алынған автокөлікпен кетіп қалады. Болған оқиғаны өзінің көлігінде отырып түсірген автор оқиғаға түсінік береді.



"Compass-та не болып жатыр? Бірге бір. Бұл не қылған камера? Жан-Клод Ван Дамм қашып кетті. Полицияға хабар беріңдер. Сейфуллин көшесінде орналасқан Compass бұл", – дейді ол.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні Жетісу аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелгенін айтты. 

"Төбелеске қатысушылардың барлығы анықталды және олар жауапқа тартылатын болады", - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Талқылау