"Жолға жатқызып, күрекпен ұрған": Ақтаудағы төбелес желіні шулатты
Әлеуметтік желіде Ақтаудағы жол бойындағы жаппай төбелестің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеода бірнеше ер адам күрекпен және таяқпен жерде жатқан екі азаматты ұрғаны жазылып қалған. Оқиға тас жолда болған.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2021 жылдың 4 қазанында, сағат 16:30 шамасында Ақтау қалалық ІІБ 102 полиция бөлімінің диспетчерлік пунктіне тұрғындардың топтық төбелес болып жатқандығы туралы қоңырау түскенін хабарлады.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Жанжалға қатысушылар ұсталып, Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Жанжал тұрмыстық жағдайда, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін болғаны анықталды", – дейді полиция.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293 -бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалғандығы хабарланды. Тергеу жалғасуда.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды