Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Игорь Лепеха полиция қызметкерлерінің қаншалықты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтынын айтты

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізде полиция қызметкерлері арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету фактілері жоқтың қасы екенін алға тартты. Айтуынша, құқық қорғау қызметіндегілер әрқашан заңға бағынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет gov.kz ресми порталынан

 Игорь Лепеха Қазақстанда полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы жеке статистиканың жоқ екенін жеткізді.

“Бұл көрсеткіш үлкен болуы керек деп ойлайсыздар ма? Осыған дейін бұл тақырып бойынша жауап берген болатынмын. Бізде жекелеген фактілер бар. Бірақ олар шынымен бірен-сараң. Есімде жоқ, жыл басынан бері екі-үш оқиға ғана тіркелген. Онда да барлық фактілер бойынша қызметкерлер орнынан кеткен. Бізде бұл мәселе бойынша айтарлықтай жаһандық статистика жоқ. Полиция қызметкерлері – заңға бағынатын адамдар. Ішкі істер органдарына тап болған кейбір адамдар арасынан шықты. Алайда кез келген жағдайда мұндай заң бұзушыларға қатаң шара қолданылуда", –  деп түсіндірді Игорь Лепеха Үкіметте өткен брифингте.

Игорь Лепеха жалпы форма киген адамдардың қылмысы жыл сайын азайып келе жатқанын қоса кетті.

"Біз өзіміздің қауіпсіздік бөлімшелерінде осыған бағытталған өте күрделі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Кадр бөлімдері іріктеуге аса мұқият қатыстырылады. Ал негізінен қызметкерлер арасындағы қылмыстардың барлығы өздігінен ашылады", –  деп қосты ол.

Талқылау