Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зорлады деп жала жапқан": Ақтөбе облысының тұрғыны жалған мәлімдемесі үшін сотталды

Ақтөбе облысында Алға ауданының 20 жастағы тұрғыны зорлады деп жалған айғақ бергені үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың жазында 20 жастағы қыз полицияға жүгінген. Ол өзін зорлаған досының үстінен арыз жазған. Алайда кейін айғақтар жалған болғаны белгілі болды. Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Алға аудандық сотының шешімімен ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының 3 жасар қызы болғандықтан, сот жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдырды.



Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы бойынша жалған айғақтар бергені үшін күдікті 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау