Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында зауыт аумағынан өрт шықты 

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының өрт сөндірушілері зауыт аумағындағы өрт шығып, сөндіріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, Семейде зауыттың ашық аумағында күнбағыс шемішкесінің қабықтары өртенген. Өрт болған жерде жедел штаб ұйымдастырылды.

Қосымша өрт сөндіру пойызы мен қоса берілген күштер тартылды. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Еске салайық, бұған дейін "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резеваты аумағының адам аяғы жету қиын жерлері өртеніп жатқаны туралы жазған едік. Мекемеге бүгін, 26 сәуір 13.21-де ақпарат келіп түсті. Ақпаратта Бородулиха ауданы, "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы, Бородулиха ауылынан 15 шақырым жерде (Дмитриевское орманшылығы, 148-орам) орман өсімдіктері (қарағай) өртеніп жатқанын айтқан.

Талқылау