Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыр Жүкембаев 19 нокауты бар украиналық боксшымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) 19 нокауты бар украиналық Иван Редкачқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Eye of the Tiger

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды. Отандасымыз 22 мамыр күні, АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы “жексұрын” лақап атымен танылған украиналық Иван Редкач (24-6-1, 19 КО) болмақ. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Редкач Жүкембаевтың мансабындағы ең қиын қарсыластардың бірі ретінде саналады. 

Айта кетейік, Жүкембаев соңғы жекпе-жегінде франциялық Мохамед Мимунды (23-6, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Continental North Americas белбеуін қорғап қалған еді.

Талқылау