"Бір балық – 150 мың теңге": Қайрат Нұртас жол бойындағы сатушыларды қуантты
Танымал әнші Қайрат Нұртас жолда балық сатып тұрған сатушыларға тоқтап, саудасын жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kair_n/
Әнші бір балық алып, сатушыларға қомақты қаржы аударды.
“Апаларым мені танып жатыр. Жаңа ғана әнімді тыңдапты. Бір балық алайын. 150 мың теңге аударамын. Бәріңіз бөліп алыңыздар”, – деді әнші.
Сатушылар бірауыздан келісіп, саудасын жүргізген әншіге бата-тілектерін жаудырып жатыр.
“Қайратты бірден таныдық. Жолы болсын! Бізді қатты қуантты. Әндерін күн сайын тыңдаймыз. Бүгін бетпе-бет жолығып тұрмыз. Өлең де айтып беретін жөні еді. Қазақтың әнін шырқай бер”, – деп тілек тіледі бейтаныс келіншек.

Еске салайық, Қайрат Нұртастың сахнада айтқан бейәдеп сөзі желіні шулатқанын жазған едік.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”