Семсерлесуден лицензиялық турнирде сынға түсетін спортшылар анықталды
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін лицензиялық турнирде бақ сынайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстан құрамасы 27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден өтетін Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысады. Төртжылдықтың басты додасына жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Қазақстан атынан сынға түсетін спортшыларды назарларыңызға ұсынамыз:
Әйгерім Сарыбай - сабля
Артем Саркисян - сабля
София Николайчук - шпага
Ғалым Нұрымов - рапира
София Ақтаева - рапира
Айта кетейік, бұл жарыста әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Яғни, Париж олимпиадасына жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ