Жұмбақ жағдайда қайтыс болған Қуандық Шамахайұлының жаңа 2 кітабының тұсауы кесілді
Коронавирус өршіген тұста, жұмбақ жағдайда қайтыс болған журналист-журналист Қуандық Шамахайұлының жаңа 2 кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Шөлейт жақта" деген кітапта прозалық көркем шығармалары топтастырылса, әлемдік үздік жазушылардың таңдаулы әңгімелеріннен жасаған аудармалары "Менің сатып алған күйеуім" деген жинақпен халыққа ұсынылмақ. Марқұм ауырмай тұрып өзінің әулеті туралы баяндайтын "Тұйғын" деген романын бастап кетіпті.
Қуандық Шамахайұлының жары марқұмның аяқталмаған романы туралы айтты.
"Маған айтатын бұл дүние 400 бет болады, өте керемет шығады деп. Өзі 54 бетке келіп тоқтады. Деректі шығарма ретінде жарыққа шығарсақ деген арман-мақсатымыз бар", - дейді марқұмның жары Айша Тұрмағамбетова.
Еске салсақ, осыған дейін өлімінен бірнеше сағат бұрын журналист-жазушы Қуандық Шамахайұлы жақындарына өзіне белгісіз бір дәрі бергенін ескертіп пост қалдырғаны туралы жазған болатынбыз. Артынша жазушы ауруханада коронавирустан көз жұмды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
