Жұлдыз Әбдікәрімова 8 Наурыз мерекесін кіммен қарсы алғанын айтты
Жұлдыз Әбдікәрімова 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесін қалай атап өткенін айтты. Актриса әдеттегідей жолдасымен бірге емес, өз отбасының қасында болған.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың желідегі оқырмандары олардың жеке өмірін жиі талқылайды. Соңғы кезде бірге көрінбей кеткен жұп үшін уайымдағандар да, сан сауал қойғандар да жетерлік. Бұл сұраққа әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова жауап берді. Анасы ұлы мен келінінің ажырасқанын растаған еді.
Қайрат Нұртас 33 жасқа толған туған күнін шетелде, отбасынан жырақта атап өтсе, Жұлдыз Әбдікәрімова мерекені өз отбасымен қарсы алды.
“Бүгін бізде мейрам. Әкеміз бізді кешкі асқа шақырып, джентельмен болып отыр. Сіздер күліп жүрсеңіздер, біздің жұмысымыз жүреді. Дұға тілеп, баталарыңызды беріп жүрсеңіздер, жолымыз ашылады", – деді актриса.
Әбдікәрімова “Сұлулық барлық нәрседе, барлық жерде бар. Оны көріп, сезе білу әр жанның өзіне байланысты” десе, енді бір жазбасында “Тәнің жаураса да, жаның жаурамасын” деп жазды.
“Көзің мұңға толып тұр ғой, Жұлдыз, бәрі жақсы болады, балапандарың аман болсын ең бастысы. Дендері сау болсын, бақытты бол”, “Жандарым-ау, ақыл айта беріп шаршамадыңдар ма? Жұлдыз да адам, ет пен сүйектен жаралған. Оның да ойы бар. Өзінің жүрегі не дейді соны жасайды ғой. Бақытты бол, Жұлдызжан”, “Денің сау болып, бала-шағаларың аман-есен болсын! Көңілің жайлы болсын”, – деп жазды желідегілер.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
