Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолда теріс жүріп бара жатқан: Таразда кортеж көліктері соқтығысып қалды (видео)

Таразда кортеж көліктері апатқа ұшырады. Желіде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жолда теріс жүріп бара жатқан: Таразда кортеж көліктері соқтығысып қалды (видео)

Видео кадрларынан нөмірсіз Toyota Camry көлігінің жолда терісінен жүріп бара жатқаны көрінеді. Оны дәл сондай маркалы қара түсті көліктер қоршаған. Toyota Camry-дің алдында кетіп бара жатқан Lada көлігінің жүк салғышының үстінде отырған жас жігіт жолдағы әрекетті видеоға түсіруде. Кенеттен Camry жүргізушісі жылдамдықты арттырып, «оператор» отырған көлікке соғылады. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

 

Жамбыл облыстық полиция мәліметінше, оқиға 1 шілдеде Тараз қаласына кірер жолдағы Тәуке хан көшесінде орын алған. 

Видеодағы жастар табылып, оларға бірнеше бап бойынша айыппұл салыныпты. Ал жол-көлік оқиғасына қатысқан көліктер айып тұрағына қойылды. 

Талқылау