AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылап қалды: Төреғали Төреәлі қарындасына тосынсый жасап қуантты (видео)

Төреғали Төреәлі қарындасы мен күйеу баласын тосыннан қуантты. Әнші жарын ертіп, бауырларын іздеп барды. Бұл сәт көпшіліктің көңілін көтерді. 

Төреғали Төрелі мен жары Толқын Тұрарқызы Фариза мен Дархан Нортаевты тосыннан қуантты. 

“Құрметті қазақ елі, армысыздар. Біз Фариза мен Дарханды арнайы іздеп келдік. Оларды қуантайық дедім. Бауырларымызды сағындық. Екеуі де біздің келетінімізді білмейді. Толқын екеуміз қуантайық дедік”, – деді әнші. 

Ойда-жоқта ағасын көрген Фариза таңғалып, кейіннен көңілі босады. Бауырына деген сағынышын көрсетіп, көз жасына ерік берді. Бұл сәт көпшіліктің көңілін көтерді. 

“Алыстан келген бауырларымызды іздеп Нұр-Сұлтанға келіп қалдық. Қайда жүрсеңдер де Алла жар болсын алтындарым!”, – деп жазды Төреғали парақшасында. 

“Жұмыс бабымен өзіміз Нұр-Сұлтанға екі күнге келіп едік, жағдайыма байланысты тағы қалу керек болды. Соны біліп ағам мен жеңгем күтпеген жерден тосынсый жасап қатты қуантты

Қатты сағынғаным сонша, көңілім босап кетті. Қанша күннен бері Ағабайды сағындым деп жүрген едім. Бауыр деген... Қауышып, сырласып бір марқайып қалдық. Аллам ең жақсы күндерде жүздесуді нәсіп қылсын, келгендеріңіз үшін көп рахмет, жандарым!”, – деп жазды қарындасы. 

“Бауырың бүтін, денің сау болсын!”, “Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Ағаңыз 100 жасасын, Өз ағамды сағынып бір жылап алдым, жаным-ау”, “Қосылып жылағандар, біз біргеміз”, “Осыны кеше түнде көріп жылағанмын, енді бүгін тағы көріп жылап отырмын”, “Ағаларымыз аман болсын”, – деп жазды желі қолданушылары.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр