Жетісуда өзенге секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған қызды полицейлер құтқарып қалды
Фото: pinterest.com
12 шілде күні таңғы сағат 04:30 шамасында Алматы – Өскемен тас жолының 240-шақырымында, Көксу ауданы Балпық би кентінің маңында полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған қыздың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Toyota көлігінің жүргізушісі Көксу ауданының учаскелік инспекторы Жұмабек Бақберген мен әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Марат Ұзақпаевқа жүгініп, Қапал – Көксу каналының жанында өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз тұрғанын хабарлаған.
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер 20-25 жас шамасындағы қызды анықтайды. Құтқарушылардың сөзіне қарамастан, ол өзенге секіріп кеткен.
Бірақ полицейлер бір сәт те кідірмей суға секіріп, ағыс бойымен жүзіп барып, қызды жағаға алып шықты. Құтқару операциясына патрульдік полиция инспекторы Қашкеев те қатысқан. Қыз аман қалды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ол ата-анасына табысталды.
Оқиға сәті әлеуметтік желілерде таралып жатыр.
Ресейде қызметінен босатылған көлік министрі өзіне қол салды
Назарбаев университеті студентінің денесі жатақханадан табылды
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауыл әкімінің өз-өзіне қол жұмсауға талпынғаны белгілі болды. Оқиға 7 шілде күні болған. Аудан әкімі Асланбек Шүйіншалиевтің айтуынша, шенеуніктің жұбайы дер кезінде араласып, оның өмірін аман алып қалған. Ауыр халде ауруханаға түскен әкімнің қазіргі жағдайы тұрақты. Бұл жағдайдың себебі нақтыланбаған, әкімшілік оны жеке мәселе деп отыр.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
