Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды

Жетісу облысының Панфилов ауданында 4 маусым күні жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы қыз Ербосын Айзеренің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кәмелетке толмаған баланың мәйіті 6 маусымда Әулиеағаш ауылынан екі-үш шақырым жерде Бурақожыр өзенінің арнасынан табылды, зорлық белгілері жоқ. Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, жасөспірімнің өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді.

Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздестіру шараларына облыстық департамент қызметкерлері, әскерилер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен еріктілер де (200-ден астам адам) жұмылдырылды.

Іздеудегі қызға қатысты бағыт жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберіліп, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.

Облыс полицейлері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Талқылау