Жетісу облысында әскери жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты – Жантүршігерлік видео
Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Әскери жүк көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан әйел қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
Жетісі облысы полиция департаментінің мәліметінше, 14 мамыр күні Алматы-Өскемен тасжолымен (270-шақырым) келе жатқан КамАЗ жүргізушісі бұрылыста оң жақ шеткі жолақ арқылы маневр жасап, сол бағытта келе жатқан Mazda 626 көлігімен соқтығысқан.
Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видеолар пайда болды.
- Санкт-Петербургте жолаушылар мінген автобус көпірден өзенге құлап кетті (видео)
“Соқтығыс салдарынан Mazda көлігінің жолаушысы қаза тапты. Құрметті жүргізушілер, есіңізде болсын. Көлікті басқарған кезде назарыңызды алаңдататын нәрсеге бөлмеңіз. Бұл жол-көлік оқиғасының алдын алуға көмектеседі”, – деп полиция халыққа жүгінді.
Еске салайық, Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапқаны туралы жазған едік. Оқиға 9 мамырда Ырғыз ауылының маңында болған.