Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова: Күйеуім менің алғашқы махаббатым, оған өзім сөз салып, өзім ЗАГС-ке жетектеп апардым

Эстрада әншісі Жеңіс Ысқақова алғашқы махаббатымен бір шаңырақ астында тұрады. Өзіне көп жігіттің сөз салуға батылы бармайтынын сезген әнші жолдасыма бірінші болып өзім сөз салдым дейді. 

Жеңіс Ысқақоваға жолдасы емес, өзі бірінші болып сезімін білдірген. Тіпті жетектеп отырып, ЗАГС-ке апарып некелесіпті.

Бұл туралы Ниет бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бағдарлама қонақтары алғашқы махаббат тақырыбын қозғады. 

"Көпшілік айтып жатады, алғашқы махаббатым мектепте деп. Алғашқы махаббат туралы сұрасаң, бала махаббаттарын еске алады. Оны мен махаббат деп есептемеймін. Ол кезде адам бала болады. Махаббаттың не екенін, сезімнің не екенін түсінбейтін жаста болады. Бір қыз жақсы оқыса, не бір жігіт жақсы оқыса соны жақсы көрем деп ойлайды. Махаббатты адам есі кіре бастағанда сезіне бастайды. Бір көргеннен сүйіп қалдым, күйіп қалдым дегенге де сенбеймін. Ондай адамдар 6 айдан соң ажырасып кетеді. Махабатқа саналы түрде қарау керек", - деді әнші. 

Ысқақова қыз бала сезіміне сенімді болса, оны мойындауға арланбау керек деген кеңесін айтады. Оған өзін мысалға келтірді. 

"Мен мектепте ешбір жігітті ұнатып, сүйіп көрмеппін. Мен әнге ғашық болдым. Атаман болдым. Атаман қыз жігітті ұната ма? Кейін жолдасымды кездестіргенде онымен дос болдым. Сыйласып жүрдік. Кейін келе ойлана бастадым. Жақсы жігіт, жөні түзу, мінезі жақсы, спортқа бейім екен дедім. Махаббатқа саналы түрде қарадым. Алып-ұшқан сезім болған жоқ. Көңіл-күйге ерік берген жоқпын. Саналы түрде келдім. Оған сезімімді білдірдім. Ол менен қорықты. Қандай қыз деп ойлаған шығар. Мен жақсы қызбын. Бәрі жақсы болады деп сендірдім. Солай ЗАГС-ке ертіп апардым. Ол менің алғашқы махаббатым, онымен 28 жылдан бері біргемін", - деді әнші. 


Жеңіс Ысқақова: Оқушы кезімде түс көрдім, сол күні әкемнің өлетінін білдім


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр